Previous Page  156 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 200 Next Page
Page Background

156

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

тысында Аллаһтың аян беруі және Жәбірейіл арқылы

білдіргендері) арқылы жүзеге асқан.

Сонымен қатар, уахидан нәр алмаған адамзат жалаң

ақылы дін үкімдерінің егжей-тегжейін тек Құраннан

шығаруға қауқарсыз. Оны түсіну үшін уахидан қуат

алған Пайғамбарымыздың сүннетіне және оның

ижтиһадына қарау керек, өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) –

өзінің көкірегіне қонған сүннет арқылы Жаратушының

жарлықтарының мақсатын түсініп, Құраннан үкімдер

шығару қабілетіне ие болған жан

212

.

Егер сүннет дінде дәлел болмаған болса, мүжтәһид

ғұламалардың ешқайсысы сүннеттен дәлел іздемес

еді. Осылайша ешкім өзіне міндеттелген нәрселерді

толық біле алмас еді, сондықтан үкімдер орындалмай,

міндеттер де үкімсіз қалған болар еді. Ал бұл дегеніңіз,

Аллаһ тағаланың үкімдері ешбір мақсатсыз, бекерден-

бекер жіберілген дегенге барып саяды. Әлбетте, бұл

– ақылға сыйымсыз тұжырым

213

.

Мүжтәһид үшін сүннетсіз тек Құраннан үкім

шығару мүмкін емес, өйткені Құран сөз өнерінің

ең шыңырау шыңы болғандықтан, оның аяттары

да шексіз сырлы қазына іспетті. Оның көпшілігін

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне үйретілген сүннет арқылы

білдірмесе, толық түсіне алмас едік. Құранды толық

түсіну үшін араб тілін білу жеткіліксіз, сондықтан

Имам Шафиғидің айтқанындай, Аллаһ тағала діни

мәселеде мұсылмандарды Расулаллаһқа мұқтаж

еткен, өйткені Аллаһ тағаланың әмір еткен парызда-

рын Ардақты елші көрсетіп, түсіндіріп берген. Яғни,

212

Хужжииатус-сунна

, 322-б

213

Н. Кара,

Куран-Сүннет бүтүнлүгү,

247-б.