154
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
кездесті. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) таққан
жүзігін саусағынан шешіп лақтырды және «Бұны
енді ешқашан тақпаймын», – деді. Сахабалар да
Пайғамбарымыздан үлгі алып жүзіктерін шешкен
207
.
Сахабалар Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние
салғаннан кейін де оның сүннетін өздеріне үлгі тұтқан.
Мысалы, қандай да бір мәселеге тап болса, ол жайлы
Пайғамбарымыздың үкімі бар ма, жоқ па деп, алды-
мен соны іздестірген. Егер сүннеттен тапса, онымен
амал еткен, таппаған жағдайда шариғат шеңберінде өз
пайымдарымен үкім берген. Ал егер берген үкімдеріне
қарсы адамдар нақты хадис келтірсе, дереу сол хадиске
мойынсұнған
208
.
Сахабалар Пайғамбарымыздың сүннетін берік
ұстануды өздеріне міндет санап, бұл мәселеде босаңдық
танытқандарға қатаң ескерту жасап отырған. Мысалы,
бір риуаят бойынша, Тавус деген кісі асыр намазы-
нан кейін екі бас намаз оқуды әдетке айналдырған.
Ибн Аббас оған: «Ол әдетіңді қой», – дегенде, Тавус:
«Пайғамбарымыз өзгелер сүннетке айналдырып
жібермесін деген ниетпен ол намазды оқымайтын», –
деген кезде, Ибн Аббас: «Аллаһ елшісінің асыр нама-
зынан кейін намаз оқуға тыйым салғандығы күмәнсіз.
Олай болса, осы намазыңнан әлде сауап аласың ба,
әлде азапқа душар боласың ба, оны білмеймін. Өйткені
Аллаһ тағала:
207
Бухари,
Итисам, 4
; Әбу Дәуіт,
Хатәм
; Муслим,
Манақиб, 82,
83
; Тирмизи,
Әдәб, 72
208
Бұған байланысты, М. Ажжаж әл-Хатиб,
әс-Сунна қабләт-
тәдуин
, 89-100,
Хужжииатус-сунна
, 153-177; Н. Кара,
Куран-Сүннет бүтүнлүгү
, Иһтар иаиынжылык, Эрзурум,
1995, 276-278-б.