160
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ұстазын, күллі Ғаламның Рақымын (с.а.с.) бар жа-
нымен қорғап-қолдады. Олар Пайғамбарымыз үшін
мал-мүліктерін де, жандарын да беруге даяр тұрды.
Осындай теңдессіз қаһармандық пен жанкештілік
тарих бетінде мәңгі сақталды. Бүгінде адамзат тари-
хында Пайғамбарымыз (с.а.с.) сияқты сүйіспеншілік
пен құрметке бөленген адамды көрсету мүмкін емес.
Пайғамбарымызды (с.а.с.) жанынан артық жақсы
көрген сахабалар оның бүкіл болмысы мен әрбір сөзін
ғибрат етіп, келесі ұрпаққа жеткізді. Әрине, бұл –
олардың ұлы борышы еді. Өйткені олар адамзаттың
мақтан тұтар тұлғасына айналған Аллаһтың соңғы
елшісін (с.а.с.) көріп, сүннетіне толықтай куә болған
бақытты жандар еді.
Мұсылман ғалымдары ғылыми қағидалар белгілеу
арқылы хадис мәтіндері мен сәнәдтарды терең
зерттеудің нәтижесінде сахих хадистер мен ойдан
шығарылғандарын бір-бірінен ажыратып, сақтай білді
және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бізге дейін келіп
жетті. Олардың қажырлы еңбектерінің арқасында
сүннет басқа діндерде теңдесі жоқ жоғары мәртебеге
жетті, тіпті Құраннан басқа ешбір діни үкімдер бұлай
сақталмаған
221
.
221
М. Ажжаж әл-Хатиб, 17-б7