164
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
арабтар Аллаһ елшісінің мүбәрак аузынан шыққан
әрбір асыл сөзді де оп-оңай жаттап алатын. Әрине,
жай өлеңдерден гөрі екі дүниенің бақытына бастар
хадистерді жаттауға одан да үлкен жауапкершілікпен
қарағандығы айтпаса да түсінікті.
Мысалы, ең көп (5374) хадис жеткізген атақты
сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) Пайғамбарымыздың
мешітінің қасында тұратын. Бүкіл уақытын Аллаһ
елшісінен ілім үйрену жолында жұмсайтын. Ол бір
сөзінде:
«Түнімді үшке бөлетінмін. Бірінші бөлігін
намаз оқумен, екінші бөлігін ұйықтаумен, ал үшінші
бөлігін Пайғамбарымыздың хадистерін қайталап,
жаттаумен өткізетінмін»
225
деп, хадис жаттауға
қаншалықты көңіл бөлгенін айтып кеткен.
Бір жолы Мәдина қаласының әкімі Мәруан Әбу
Һұрайраны үйіне шақырып, кейбір хадистерді риуаят
етуін өтінді. Мақсаты оның есте сақтау қабілетінің
қаншалықты екенін байқап көру еді. Өзінің жазу
істеріне арнайы тағайындалған катибі Әбу Зуайзаға
көрінбейтін жерге отырып, Әбу Һұрайраның айтқан
хадистерін түгел жазуды бұйырады. Арадан бір
жыл өткен соң Мәруан оны үйіне қайта қонақ етіп,
былтырғы айтқан хадистерін қайталап айтуын өтінді.
Әбу Зуайза тасада отырып, Әбу Һұрайраның айтқан
хадистерін бұрынғы жазғандарымен салыстырып оты-
рады. Нәтижеде Әбу Һұрайраның бір жыл бұрынғы
айтқан хадистерін айна-қатесіз дәл қайталап бергеніне
көз жеткізді
226
.
225
Дарими, Муқаддима, 27; әл-Хатиб, әл-Жәми ли ахкәмир-
рауи, Рииад, 1983, 2-т, 264-б.
226
Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-нихая, 8-т., 106-б.; Зәһәби, Сиәру
ағламин-нубәлә, 3-т., 431-б.