Previous Page  167 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 200 Next Page
Page Background

167

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

2. Мүзәкара (өзара талқылау)

Хадистерді сақтаудың екінші бір жолы өзара

талқылау болған. Сахабалар жаңа сүннет үйренсе, оны

басқаларға жеткізгенше асығатын. Жаңа хадисті өзара

талқылап, қателері болса бір-бірін түзеп отыратын.

Пайғамбарымыздың төмендегі хадистері сахабалардың

осы ісіне үнемі қамшы болып отырды. Айталық,

«Бұл

жердегілер естімегендерге жеткізсін! (Бәлкім олар

бұл жердегілерден жақсы түсінер)»

231

;

«Менен бір аят болса да басқаларға

жеткізіңдер!»

232

;

«Менің сөздерімді жаттап, басқаларға сол күйі

жеткізген адамның Аллаһ тағала жүзін жарқын

етсін»

233

т.б. хадистер мәселенің тереңдігін аңғартса

керек. Дәл мұндай хадистер болмаған күннің өзінде

сахабалар оның аузынан шыққан сөздерді басқаларға

жеткізер еді, өйткені ол – ілімнің қайнар бұлағы, дінді

жеткізуші – адамзатты тура жолға бастаушы Пайғамбар

болатын.

Сахабалардың басы қосыла қалса, бос сөзге емес,

бірден Пайғамбарымыздың сөздері мен істері жайлы

өзара әңгімелесуге кірісетін. Олар шариғатты толық

үйренуді бәрінен жоғары қоятын. Бұл кейбір адамдар

ғана білетін хадистерді басқалардың да естіп, жаттап

алуына мүмкіндік туғызған. Пайғамбарымыз ол

кезде көзі тірі болғандықтан мүбада, қателесе қалған

жағдайда да түзеуге жол ашық еді.

231

Бұхари,

Хажж, 132

232

Бұхари,

Әнбия, 50

233

Әбу Дәуіт,

Илм, 10

; Тирмизи,

Илм, 7

; Ибн Мажә,

Муқаддима,

18