166
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
айтқанындай кез келген нәрсені хадис деп қабылдай
салмай, әбден електен өткізіп барып алған.
Сахабалар Аллаһтан уахи алған ардақты
пайғамбардың әрбір сөзін, тіпті іс-әрекеттерінің өзін
жаттауға аянбай кірісті, өйткені ол, жай бір қатардағы
кісі не болмаса саяси көсем емес, Аллаһ тағала
жіберген Соңғы хақ Пайғамбар еді. Сондықтан ақиқат
десе ішкен асын жерге қоятын, қара қылды қақ жара-
тын әділдігімен тарихта аты шыққан сахабалардың бұл
іске немқұрайды қарамағаны анық. Соңғы елшінің ама-
натын көздің қарашығындай сақтағандығына олардың
өмірімен танысқан кезде көз жеткізіп, Мұхаммед
Мұстафаға (салаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген
кіршіксіз сүйіспеншіліктерін анық көруге болады.
Олар үшін пайғамбар дүниедегі бар асылдан қымбат
еді
229
.
Пайғамбарымыздың сахабаларды хадис жаттап,
басқаларға жеткізуге ынталандыруы келешек ұрпақтың
Ислам дінін кемшіліксіз үйренуі үшін жасалған аса
маңызды ісі болатын, өйткені хадис болмаса, Құран
кәрімді кемшіліксіз, дұрыс түсіну мүмкін емес
230
.
Сондықтан хадистер Құранның ең үлкен тәпсірі са-
налады. Осы тұрғыдан алғанда, хадистерді жаттау
арқылы сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу, жазу арқылы
сақтаудан ешқандай да кем емес.
229
Кеңірек мәлімет үшін қараңыз:А. Әділбаев, Кемелдік кілті,
«Нұр-Мүбарак» баспасы, Алматы, 2009
230
А. Әділбаев, Құран мен хадистердің үндестігі, конференция
материалдары