Previous Page  163 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 200 Next Page
Page Background

163

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

«Аллаһ тағала бізден естігенін бұлжытпай

өзгелерге айтып жеткізген кісінің жүзін жарқын

қылып, сансыз нығметіне бөлесін!»

222

деп сахабалар-

ды хадистерді жаттап алып, басқаларға жеткізуге ын-

таландыратын.

Сахабалардың хадис жаттауға деген ынта-ықыласы

мен құлшынысы айрықша жоғары еді. Тіпті кейбір са-

хабалар соңғы елшінің аманатын басқаларға жеткізу

үшін бәрін тастап, арнайы Пайғамбарымыздың

Мәдинадағы мешітінде тұратын. Тарихта олар «асха-

бус-суффа» деген атпен кеңінен мәлім.

Бұған қоса, арабтардың есте-сақтау және жаттау

қабілеті ерекше мықты болатын. Басым көпшілігі

өздерінің аталарының шежіресі түгіл түйелерінің де

тегін жатқа білетін. Араб елінің өлеңдерін жеткізуші

ең әйгілі кісілердің бірі Хаммад (қ. 155/772 ж.)

алфавиттегі әрбір әріп жайлы ұзын қайырымды жүз

өлең жатқа білетінін айтқан. Демек, ұзын саны 3038

шумақты өлеңді жадында ұстаған деген сөз

223

.

Араб жұртшылығы жаттауды жазудан да жоғары

санайтын. Естіген нәрселерін қағазға түсіруге намыс-

танатын. Өлеңдерін қағазға түсірген шайыр оның

жария болуын қаламайтын, өйткені бұл – шайырдың

есте сақтау қабілетінің кемістігін аңғартатын

224

.

Міне, ата-бабаларының тарихына, шежіресіне

қатысты жыр-дастандарды жаттап әбден төселіп қалған

222

Әбу Дәуіт,

Илм, 10

; Тирмизи,

Илм, 7

; Ибн Мажә,

Муқаддима,

18

223

М. Таки Османи, Суннетин дегери ве баглайыжылыгы, (ауд.

М. Өзшенел), Измир, 2007, 88-бетте Зирикли,

әл-Ағлам,

Бейрут, 1969, 2-т., 302-б- дан алған сілтемесі.

224

Османи, Әбул-Фәраж әл-Исбахани,

әл-Ағани

, 61, 611