168
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
3. Іске асыру
Сүннеттің сақталуының тағы бір аса маңызды
жолы Пайғамбарымыздың айтқандарын өмірде іске
асыру болды. Пайғамбарымыз Құранды жеткізіп әрі
иләһи бұйрықтардың мәнін халыққа түсіндіріп қана
қоймай, оны өз өмірінде толықтай орындап көрсетті.
Айтқан сөздері мен істері бір жерден шыққандықтан,
сахабалар оған күмәнсіз бағынып, айтқан кеңестерін
бұлжытпай орындауға тырысқан. Кез келген істе
Пайғамбарымызға барынша мойынсұнған. Сүннет
ауыздан-ауызға таралған құрғақ сөз немесе үгіт-
насихат қана емес, ол өмірдің бүкіл саласына жан
бітірген өміршең үлгі болатын. Олардың өмірі тұтастай
сүннетке негізделді.
Демек, Пайғамбарымыздың нұсқауы бойынша
қалыптасқан өмірлік үлгі де сүннеттің сақталуында
маңызды рөл ойнаған.
4. Жазу
Кейбір сахабалар хадистерді жаттаумен қатар өзіне
жазып алатын. Алғашқы кезеңдерде Құран толық түсіп
аяқталмай тұрғанда, Пайғамбарымыздың хадисті
жазуға қатаң тыйым салғандығы белгілі. Бір хадисінде:
«ل تكّذِبُوا عَلَيّ، فإنّهُ مَن كَذَبَ عليّ يلج النّارَ» قال: مَنّ تعمّد
عليّ كذبِا فليتبوأ مقعده من النار» أخرجه مسلم.
«Менен естіген нәрсенің бәрін жазбаңдар. Кім
менен Құранның тысында басқа сөздер жазған болса,
оны жойсын. Менен естігендеріңді басқаларға ауызша
жеткізуде тұрған еш нәрсе жоқ. Кімде-кім әдейі