Previous Page  169 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 200 Next Page
Page Background

169

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

менің атымнан жалған сөйлесе, жаһанамдағы орнына

дайындалсын»

234

деп ескерткен.

Алайда бұл үкім Пайғамбарлықтың алғашқы

кезеңіне тән еді, өйткені ол кезде адамдардың

хадистерді Құранмен шатастырып алу қаупі және

қағаз тапшылығы да бар еді. Бұған қоса, кейбір саха-

балар Құран жазылған парақтардағы аяттардың тұсына

Пайғамбарымыздың түсіндірмелерін де жаза бастаған.

Бұл да Құран мен хадистердің бір-біріне араласып кету

қаупін күшейте түсті. Пайғамбарымыздың хадистерді

жазуға қатаң тыйым салуының мәнісін осы тұрғыдан

қараған дұрыс.

Уақыт өте келе Құранды жатқа білетіндердің

қатары көбейіп, Құран мен хадисті шатастырып ал-

майтындай жағдайға жеткенде, Пайғамбарымыз

хадистерді жазуға рұқсат берді, тіпті кейде хадистердің

жазылуын тікелей бұйырды. Осыған қатысты бернеше

мысал бере кетейік.

- Ансарлық сахабалардың бірі кейбір хадистерді

естігенін, бірақ көбіне ұмытып қала беретіндігін

айтқанда, Пайғамбарымыз:

«Оң қолыңның көмегіне

жүгін»

деп жазуға ишарат еткен еді

235

.

- Әйгілі сахабалардың бірі Рафи ибн Хадиж (ө.

74/693):

«Мен Пайғамбарымыздан: «Сізден көп нәрсе

естиміз. Бұларды жазсақ бола ма?» – деп сұрадым.

Сонда ол: «Жазсаңдар болады», – деп жауап берді»

, –

деген

236

.

234

Муслим,

Зүһд, 72

235

Тирмизи,

Илм, 12

236

Рамахурмузи,

әл-Мухаддисуль-фасыл,

369; Суюти,

Тәдрибур-

рауи

, Бейрут, 1979, 2-т., 66-б. Осыған ұқсас басқа да хадистер

үшін қараңыз: Дарими,

Муқаддима, 43