172
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарымыздың өзі арнайы жаздырған хадистеріне
тоқтала кетейік.
Ең алғаш жазылған хадистер
Пайғамбарымыздың ілім үйренуге келген
делегацияларға жаздырған нұсқаулары мен
дипломатиялық хаттары
Мәдинадан алшақ жерлерде тұратын кейбір
ру-тайпалар Ислам дінін қабылдағаннан кейін
Пайғамбарымыздан дінді үйреніп келуге арнайы
кісілер жіберетін. Олар едәуір уақыт Мәдинада
тұрақтап Құран оқуды және діни үкімдерді үйренетін.
Елге қайтарда олардың кейбіреулері өздері әрі рула-
стары үшін кейбір нұсқаулар жазып беруін өтінетін.
Пайғамбарымыз олардың өтінішін жерге тастамай,
ең қажетті деген діни үкімдерді жаздырып беретін.
Мысалы:
Әбдүлқайс руынан Мұнқиз ибн Хаиян келіп
Исламды қабылдайды. Еліне қайтатын кезде,
Пайғамбарымыз оған кейбір нәрселер жаздырып, беріп
жібереді. Алғашында ол мұны ешкімге көрсетпей жа-
сырын сақтап жүрді. Кейін оның уағыздауымен қайын
атасы мұсылмандықты қабылдаған соң, әлгі жазба-
ша мәліметтерді соған тапсырады. Қайын атасы бұл
жазылғандарды руластарына оқыған кезде, олардың
көпшілігі Ислам дінін қабылдады. Міне, осы әйгілі
Әбдүлқайс делегациясының Пайғамбарымызға келуі
осы оқиғадан кейін орын алған-ды. Бұл оқиғаға
қатысты Бұхари мен Мүслимнің жинақтарында көбірек
мәліметтер қамтылған
243
.
243
Бұхари,
Иман, 40
,
Илм, 25;
Мүслим,
Иман, 23-28
;