Previous Page  159 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 200 Next Page
Page Background

159

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Осыған орай Ибн Абдилбәрр атақты хадисші әрі

фақиһ Әйуб әс-Сахтианидің «Бір кісі Мутаррыф ибн

Абдиллаһқа: «Бізге хадис айтпаңдар, тек Құраннан

ғана дәлелдер келтіріңдер», – дегенде, ол былай жауап

берді: «Аллаһтың атымен ант етейін, біз Құранның

орнына басқа нәрсе іздемейміз. (Пайғамбарымызды

меңзеп) «Тек Құранды бізден де жақсы білген адамның

білгендерін талап етудеміз» дегенін жеткізген

218

.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) пайғамбарлық

мақамының биік парасаты арқылы айтқан мына

хадисі адам таңданарлық:

«Мынаған абай болыңдар!

Орындығына отырып алып (тәкаппарланып) оған

менен бір хадис жеткенде: «Арамызда Аллаһ

тағаланың кітабы бар. Онда харам етілгендерді

харам, халал етілгендерді халал деп қабылдаймыз»

дейтін уақыт тым жақын. Шын мәнінде, Аллаһ

елшісінің харам еткендері де – Аллаһ тағаланың харам

еткендеріндей харам»

219

.

Жоғарыда

келтірген

аяттардың

бәрі

Пайғамбарымызға бойсұнуды әмір етсе, сахабалар

соны іс жүзінде көрсеткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да

көз жұмардан бұрын Құранмен қатар Өзінің сүннетінен

мықтап ұстануды өсиет етіп кеткен болатын

220

.

Исламның ұлықтығын шынайы ұғынған кезде

сахабалардың жүрегіне иман терең тамыр жайып,

олардың жолын нұрға бөледі. Иман келтірген алғашқы

сахабалардың жүрегінде Аллаһ пен елшісіне деген

терең сүйіспеншілік пайда болды. Осы сүйспеншіліктің

нәтижесінде олар Исламды және оның ең алғашқы

218

Ибн Әбдилбәрр, Жами‘, 563-б Н. Кара, 251-252-б.

219

Ибн Мажә,

Сунан,

1т., 5-б., Бәйһақи,

Сунан,

1.т, 6-б.

220

Муатта,

Қадар, 3