Previous Page  155 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 200 Next Page
Page Background

155

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلَ مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللُّ وَرَسُولُهُ أَمْراً أَن

ًيَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ وَمَن يَعْصِ اللَّ وَرَسُولَهُ فَقَدْ

ا لً مّبِينا

َاَ

ضَلّ ض

«Аллаһ пен елшісі қашан бір іске үкім берсе,

мүмин ер және мүмин әйел үшін істерінде басқа

жол таңдау жараспайды. Сондай-ақ кім Аллаһтың

елшісіне қарсы келсе, сонда ол нағыз адасқан

болады»

209

деп бұйыруда» деген болатын

210

.

Пайғамбарымызға (с.а.с.) бойынсұну – көзі

тірісінде қалай парыз болса, бақилық болғаннан кейін

де дәл сол дәрежеде парыз, өйткені Құран аяттары

мен хадистер оған бағынуды тек көзі тірісінде немесе

бақилық болуымен шектемеген. Сонымен қатар,

бойсұнып бағынуды тек қана сахабаларға емес олар-

дан кейін келетін адамдарға да тән ететіндей мағынада

бекіткен

211

.

4. Амалдардың толығымен Құранда болмауы.

Жоғарыдағы аяттардан көргеніміздей, Аллаһ

елшісінің бұйрықтарына бағыну міндетті, өйткені

діни бұйрықтарға байланысты Пайғамбарымыз (с.а.с.)

өздігінен емес, Аллаһ тағаланың оның көкірегіне салған

уахиы арқылы сөйлейді («Нәжм», 34). Мұсылман

ғұламаларының көзқарасы бойынша, діни мәселелерге

байланысты Пайғамбарымыздың қойған үкімдері де

Аллаһ тағаладан келген

уахи ғайру матлуу

(Құранның

209

«Ахзаб» сүресі, 36

210

Шатыби, Муафақат, 4/18; М. ас-Сыбаи,

ас-Сунна уә

мәкәнәтуһа

фит-ташри‘ил-исламии,

Бейрут,

1985,

4-басылым, 387

211

М. ас-Сибаи,

Сунна,

55-б