Previous Page  146 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 146 / 200 Next Page
Page Background

146

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

َوَيَقُولُونَ آمَنّا بِاللِّ وَبِالرّسُولِ وَأَطَعْنَا ثُمّ يَتَوَلّى فَرِيقٌ مِّنْهُم مِّن

بَعْدِ ذَلِكَ وَمَا أُوْلَئِكَ بِالْمُؤْمِنِين

«Аллаһ пен пайғамбарға иман келтірдік» дейді

де, кейін араларынан кейбіреулер бет бұрады. Олар

иман келтіргендер емес»

189

деген аят та Пайғамбарға

бағынудың бұлтартпас дәлелі.

«Тек қана Құран жетеді, сүннетке қажеттілік жоқ»

дегендер жоғарыдағы аяттардың бәрін өздерінше жора-

малдап түсіндіреді, бірақ «Пайғамбарға мойынсұну тек

қана Құран үкімдеріне байланысты» деудің ешқандай да

шариғи дәлелі жоқ. Бұл аяттардың барлығында Аллаһқа

бағыну бір бөлек, елшіге бағыну да өзінше бір бөлек

айтылған. Демек, пайғамбарда да үкім қою құқының

бар екенін көрсетеді. Әрі Аллаһ тағала «Пайғамбарға

мойынсұныңдар» деу арқылы «Пайғамбарға жіберген

аяттарыма итағат етіңдер, оның тысындағыларға

мойынсұнбаңдар» дегенді білдірмейді. Аллаһ қаласа

оны айтар еді. Керісінше, пайғамбарға бағынуды

міндеттеп тұр. Егер «Пайғамбарға мойынсұныңдар»

деген бұйрық «оның жеткізген аяттарына ғана

бағыныңдар» дегенді білдірсе, онда аяттағы «Аллаһқа

бағыныңдар» деген сөз басы артық сөз болып қалар

еді. Жаратқанның Пайғамбарға бағынуды бұйыруы

аяттармен бірге сүннетті де қамтуда.

Егер барлық мәселенің түйіні Құранда айтылып

қойған болса, онда Елшіге бағынуды айрықша айтудың

қажеті болмас еді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) тек қана

Құранды жеткізуші «пошташы» деп қарау үлкен

құрметсіздік, өйткені Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ұлық

189

«Нұр» сүресі, 47