143
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
َيَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللَّ وَرَسُولَهُ وَلَ تَوَلّوْا عَنْهُ
وَأَنتُمْ تَسْمَعُون
«Әй, иман келтіргендер! Аллаһ пен елшісіне
бойсұныңдаржәне Құранды ести тұра пайғамбардан
бет бұрып теріс айналмаңдар»
181
, َ
قُلْ أَطِيعُوا اللَّ وَأَطِيعُوا الرّسُول
«Аллаһқа
бойсұныңдар
және
елшіге
бойсұныңдар» деп айт»
182
.
Бұл аяттарда Аллаһ пен Оның елшісі бөле-жара
арнайы айтылған. Аллаһтың бұйрықтары мен тыйым-
дарына бағыну қалай әмір етілсе, елшісіне де солай
бағыну бұйырылған. Пайғамбарға мойынсұнуды парыз
еткен аяттар Пайғамбарға мойынсұнудың тікелей
Аллаһқа мойынсұну екенін көрсетеді. Сонымен бірге,
«Пайғамбардан бет бұрмаңдар»
деу арқылы да
ерекше ескерту жасалған.
- Мына аятта пайғамбармен қатар тіпті өздерінің
басшыларына да бойсұну бұйырылып тұр:
ْيَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللَّ وَأَطِيعُواْ الرّسُولَ وَأُوْلِي
الأَمْرِ مِنكُم
«Әй, иманкелтіргендер!Аллаһқамойынсұныңдар,
Елшіге және басшыларыңа мойынсұныңдар»
183
.
Көріп отырғанымыздай, Аллаһ елшісінен кейін келген
басшылардың өзіне бойсұнуға шақырып тұрғанда,
181
«Әнфәл» сүресі, 20
182
«Нұр» сүресі, 54
183
«Ниса» сүресі, 59