Previous Page  139 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 200 Next Page
Page Background

139

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

қандай жағдайда жасалғанда кесілетінен сүннет

белгілеген

174

.

4. Сүннеттің Құрандағы белгілі бір негіздің

тармақтарын баяндауы

Мәселен, «Ниса» сүресінің 29-аятында:

ْيَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُواْ لَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُمْ بِالْبَاطِلِ إِلّ أَن

تَكُونَ تِجَارَةً عَن تَرَاضٍ مِّنكُم

«Әй, иман келтіргендер! Өзара малдарыңды

әділетсіздікпенжемеңдер, бірақ өз ризалықтарыңмен

саудаласу басқа»

делінген. Құранда өзара

ризашылықпен жасалған саудаға рұқсат берілген

болса да, Пайғамбарымыз (с.а.с.) жеміс-жидектерді

піспей тұрып сатуға тыйым салған. Мұның себебі

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударған

кезде, мәдиналықтар жеміс-жидектерді сабақтарында

тұрған кезде піспей тұрып сататын болған. Суық ұрып

кеткенде, не ол ағаштың гүлдерінде бір ауру жайылған

кезде, әлде күткен жеміс жақсы шықпайтын кезде,

сатушы мен алушының арасында көбіне дау-дамай ту-

ындайтын, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) ондай

саудаға тыйым салған.

б)

Сүннет Құраннан тәуелсіз (Құранда айтылмаған)

үкімдер де қойған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) – Аллаһ

тағаладан кейінгі Ислам діннің екінші маңызды

қайнары. Құран фәлсафасынан алшақ кетпейтін Аллаһ

елшісінің (с.а.с.) мұндай үкімдері көп емес. Алайда ол

үкімдердің дәрежесі Құрандағы үкімдермен бірдей

болып табылады. Олардың қатарына: тырнақты

174

Шафиғи,

Рисәла, 2, 52

; Шатыби,

әл-Муафақат фи усулиш-

шари‘а

, (түрікше ауд. М.Ердоган), Стамбул, 1999, IV/8