Previous Page  135 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 200 Next Page
Page Background

135

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

жақсы істер жамандықтарды жояды»

159

деген

аяттан намаздың бес мезгілін шығаруға тырысқанымен

إِنّ الصّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَاباً مّوْقُوتاً

«Шындығында, намаз мұсылмандар үшін белгілі

уақыттарда парыз қылынды»

160

деген аяттағы

«белгілі уақыттарды» нақтылап берген – сүннет

161

.

Ардақты елші (с.а.с.) намаз уақыттарын

үйретумен қатар оның бүкіл шарттарын, қалай орын-

далатынын

ي

ِّ

ل

َ

ص

ُ

ي أ

ِ

ون

ُ

م

ُ

ت

ْ

ي

َ

أ

َ

ا ر

َ

م

َ

وا ك

ُّ

ل

َ

ص

«Намазды менен

көргендеріңдей етіп оқыңдар»

162

деу арқылы көрсетіп

берген. Егер Құранда бұның бәрі егжей-тегжейлі ба-

яндалатын болса, онда Қасиетті Кітаптағы тек намазға

ғана байланысты үкімдердің өзі қаншама көлемді

беттерді алған болар еді, сондықтан Құранда көптеген

мәселе өте ықшамды түрде беріліп, оның егжей-

тегжейлі баяндалуы Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жүктелген.

Жоғарыда біз келтірген мысал намазға қатысты үкімдер

ғана, алайда Құранда зекеттің де парыз етілгені белгілі,

алайда оның қандай нәрселерден және қаншалықты

мөлшерде алынатынын сүннет айқындап берген. Со-

нымен қатар, қажылық та парыз етілген, ал оның

негізгі шарттары бізге сүннет арқылы келіп жеткен.

Бұл мәселенің тағы бір қисынды тұсы: егер Құранда

кез келген мәселе егжей-тегжейлі, бүге-шүгесіне дейін

баяндалар болса, адам баласына өз ақылын қолдану

қажеттілігі де қалмас еді.

159

«Һуд» сүресі, 114

160

«Ниса» сүресі, 103

161

Әбу Дәуіт,

Салаат, 2

, Тирмизи,

Мәуақит, 1

162

Бухари,

Азан, 18

, Ахмад ибн Ханбал,

Муснәд, 5/53