133
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
шы) етіп жібереді» дегеннен кейін, Аллаһ тағаланың
адамдарды осындай таза табиғатпен жарататындығына
байланысты аятты оқыған
156
. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
бен сахабалардың ғибратты тәсілін негізге алған му-
хаддистер де өз хадис жинақтарының кез келген
бөлімнің басында алдымен сол тақырыпқа байланы-
сты аяттарды келтіріп, содан кейін барып хадистерді
беріп отырған. Мұндай жүйені Бухаридің «Сахих»,
Бәғауидің «Шәрхус-сунна» және Нәуәуидің «Риядус-
салихин» атты еңбектерінен көруге болады. Яғни,
Құран аяттары мен хадистер үнемі бір-бірін қуаттап,
бір-бірінің мағыналарын аша түседі.
Мұсылман ғалымдары сүннеттің Құран алдындағы
міндетін мына 3 категория
157
негізінде айқындауға бо-
латынын айтады:
а) Сүннет – Құрандағы бір үкімді қуаттаушы. Құран
мен сүннет ақиқатты ашып беру тұрғысында бір-бірін
әрдайым қолдайды. Намаз, ораза, зекет, қажылық, ата-
анаға мойынсұну, нақақ кісі өлтіру сияқты көптеген
мәселелерде сүннет Құрандағы үкімдерді қуаттайды.
Мысалы, ِ
وَعَاشِرُوهُنّ بِالْمَعْرُوف
156
«Рум» сүресі, 30. Басқа да мысалдар үшін қараңыз: Бухари,
Тәфсируль-Қур‘ан,
(«Фурқан» сүресі) 2, Муслим,
Иман
142,287,
Тирмизи,
Тәфсируль-Қур‘ан,
(Фурқан сүресі), 26;
Ибн Мажә,
Муқаддима, 9
157
Шафиғи,
әр-Рисәлә,
(тахқ. М. С. Кейлани, 1969 Каир
басылымынан), Стамбул, 1985
, 52-б.
; Ибн Қаиим,
И‘ламуль-
муақиғин,
Мысыр,1965, (тахқ. Аб. әл-Уәкил (I-IV), 2 т. 314;
Суюти,
Мифтахул-жанна фил-и‘тисам бис-сунна,
Каир,
1987; Әбдулғани Әбдулхалиқ,
Хужжииатус-сунна
, (ауд. Д.
Селви,), Стамбул, 1996, «Шуле» баспасы, 303-305