Previous Page  128 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 200 Next Page
Page Background

128

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

меңгеріп, көкірегіне бекітуі керектігін жақсы ұқты,

себебі көңілі қараңғы адамдарға мұрагерлік, сауда-

саттық мәселелері үйретілгенімен пайда бермесі анық.

Алдымен өршіп тұрған ширк пен азғындықтың тамы-

рына балта шауып, оларды күнә батпағынан шығарып

алу қажет еді. Сол үшін алғашқы түскен аяттарда

Аллаһ пен ақирет сенімі туралы баяндалған. Демек,

адамдардың Ислам дініне мойынсұнуы үшін алдымен

осы сенімдерді саналы түрде қабылдаулары қажет. Ал

Ислам иманының не екенін Сүйікті елші: «

Аллаһтың

жалғыз екеніне, періштелеріне, уахи етілген

кітаптарына, жіберген пайғамбарларына, ақирет

күніне, тағдырға, жамандық пен жақсылықтың

Аллаһтан екеніне (яғни, жамандықтың да,

жақсылықтың да жаратушысы Аллаһ екеніне, алайда

оны өз қалауларымен адамдардың жасайтынына)

сену»

151

,

– деп баяндайды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандардың

иманы күшеюі үшін қолынан келгеннің бәрін жасап

бақты. Сондай-ақ періштелерге, қасиетті кітаптарға,

пайғамбарларға, ақирет күніне және тағдырға деген

сенімдерін жүректеріне бекіту жолында аянбай

тер төкті. Осы еңбегіне орай ұлы Жаратушы ие

де сахабалардың көкірегінде иманды берік еткені

соншалық – олар тіпті күнәға қайта оралуды күпірлікке

оралумен тең санап, күнәдан барынша бойларын аулақ

ұстауға аса мән берді.

Тайпалық дәстүрден Ислам қоғамына өтуге жол

ашқан бір мәселе – Ислам құлшылығы. Себебі, Ислам

тек қана иманнан тұрмайды. Оның құрылымында сол

151

Муслим,

Сахих-и Муслим ве тержемеси, I, 63-б, (ауд: М.

Софуоғлу), Стамбул, 1967.