Previous Page  123 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 200 Next Page
Page Background

123

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

лалар тірідей жерге көміліп жатты. Әйелдер құқы тек

арабтарда емес, бүкіл дүниежүзі халықтарында да мәз

болмай, олардың ар-намысы аяқ астында тапталды.

Мысалы, яһудилерде әйелдер «пәк емес» зат есебінде

саналып, Тәуратта «шайтанның досы» деп бейнеленді,

сондықтан яһуди қоғамында әйелдің қоғам мүшесі

ретінде орны жоқ, тіпті қыз баланы әкесі өлген соң, ба-

уырлары да сата алатын жағдайға жетті. Мұрадан үлес

алу деген әйел адамның түсіне де кірмейтін. Христиан-

дарда әйел еріне басыбайлы болып, олардың мал-мүлік

иеленуге мүлде құқы болмайтын. Үнді халықтарында

әйел баласы мүлік қатарында саналып, күйеуінің

жеке меншігі болып есептелетін. Жапондықтарда

көпшілік табынатын орындарға әйелдердің кіруіне

тыйым салынған еді. Әлемнің әйел затына берген

бағасы осыдан аспады. Ислам діні келген соң уахи

арқылы оның орны мен құқықтары белгіленді. Әйелдің

қоғамдағы орны мен құқықтарына ең көп құрметпен

қараған жан әлемдердің рақым нұры Пайғамбарымыз

(с.а.с.) еді. Әзірет Омар (р.а.) бұл жайындағы естелігін:

«Аллаһтың атымен ант етейін, біз жаһилия кезеңінде,

былайша айтқанда, Ислам діні келгенге дейін

әйелдерді адам деп санамайтын едік. Мұсылмандықты

қабылдағаннан кейін, бір күні бір мәселені ойланып

отырғанымда, әйелім: «Былай етсең қалай болады», –

деп ақыл айтты. Мен оған: «Сенің не жұмысың бар,

менің шаруама араласпа!» – дедім. Маған әйелім: «Ей,

Хаттабұлы! Саған таң қаламын! Сен өзіңе қарсы бір

нәрсе айтқанымды қаламайсың. Алайда, сенің қызың

140

140

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларының бірі Хафса (р.а.)

– хазірет Омардың (р.а.) қызы еді.