119
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
«
Мұсылман – мұсылманның бауыры. Шынайы
мұсылман бауырына опасыздық жасамайды, оған
өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз
қалдырмайды. Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі
мен қаны өзге мұсылмандарға харам* – дегеннен кейін,
қолымен көкірегін нұсқап: «Міне, тақуалық мына
жерде. Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен
төмен санап, менсінбеуден өткен жаман (қылық)
жоқ»
133
– деген.
Аллаһ расулы (с.а.с.) қоғамдық салалардың
негізін қалау барысында әрбір мұсылманның өзін
сол қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінуін, қоғамның
бақыты мен алға басуы үшін еңбектенуін өзіне міндет
деп санауын да қарастырған. Хижраның 10-жылында
жасаған атақты «Уәда» (қоштасу) құтпасында мынаны
өсиет еткен:
ِّيَا أَيّهَا النّاسُ إِنّ رَبّكُمْ وَاحِدٌ , وَإِنّ أَبَاكُمْ وَاحِدٌ , أَل ل فَضْلَ
لِعَرَبِيٍّ عَلَى أَعْجَمِيٍّ ، وَل لِعَجَمِيٍّ عَلَى عَرَبِيٍّ , إِل بِتَقْوَى الل
«Ей, адамдар! Раббыларыңыз бір, аталарыңыз
бір. Бәріңіз де Адам пайғамбардан тарағансыздар.
Адам пайғамбар болса, топырақтан жаралды.
Аллаһтың алдында ең қадірлілеріңіз – Одан қорқып,
тартынғандар. Арабтың араб еместерден ешқандай
артықшылығы жоқ, артықшылық тек тақуалықта
ғана... »
134
.
Адамзат қоғамы үшін тәлімі мінсіз тәлімгер болған
ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) екі дүние бақытына
отбасылық өмірдің де әсері зор екенін жақсы білетін,
133
Тирмизи, бирр 18
134
С. Хизметли
, Ислам тарихи, 275-б., Анкара, 1995.