118
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Қоғамды кемірген осындай жамандықтарға
тыйым салып, бір жағынан ізгі қасиеттермен оларды
көркейтуге тырысқан еді. Ол (с.а.с.) мұсылмандардың
арасындағы бауырластық жүйесін тіпті хижрадан
бұрын Мекке кезеңінде-ақ бастатқан-ды. Теңдік
пен ақиқатқа негізделген осы бауырластық жүйесі
Мәдинаға көшкеннен кейін де жалғасын тауып, бұл
жерде Меккеден көшіп келген (мұһажир) мұсылмандар
мен Мәдиналық мұсылмандар бір-біріне бауыр деп жа-
рияланды. Бұл – Аллаһты бір деп танитын, жақсылықты
жайып, жамандыққа тыйым салу принциптерін негізге
ала отырып құрылатын жаңа қоғамның әлеуметтік
саладағы алғашқы қадамы болатын. Осы бауырластық
жүйесінің түбінде әлеуметтік жәрдем көзделген еді.
Бұл туралы Ақиық елші (с.а.с.):
مَثَلُ الْمُؤْمِن۪ينَ ف۪ي تَوَادِّهِمْ وَتَرَاحُمِهِمْ وَتَعَاطُفِهِمْ، مَثَلُ الْجَسَدِ
إِذَا اشْتَكٰى مِنْهُ عُضْوٌ تَدَاعٰى لَهُ سَائِرُ الْجَسَدِ بِالسّهَرِ وَالْحُمّى
«Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік
және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді.
(Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы
көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына
ортақтасады»
132
немесе:
اَلْمُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِمِ لَ يَخُونُهُ وَلَ يَكْذِبُهُ وَلَ يَخْذُلُهُ، كُلّ
َالْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ حَرَامٌ عِرْضُهُ وَمَالُهُ وَدَمُهُ. اَلتّقْوٰى هَاهُنَا،
بِحَسْبِ امْرِيءٍ مِنَ الشّرِّ أَنْ يَحْقِرَ أَخَاهُ الْمُسْلِم
Наим), (I-XII том), Стамбул, 1936.
132
Бұхари, әдәб 27; Муслим, бирр 66