Previous Page  114 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 200 Next Page
Page Background

114

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

орнына одан да абзал екі айтты мұсылман үмбетіне

тарту етті. Яғни Жаратқан Жаббар Ие адамдардың

бойындағы осындай қажеттілікті ескеріп, адамдарға

одан да жақсы екі айт сыйлады. Бұл адамдардың жеке-

жеке өмір сүрген Мекке кезеңі емес, мұсылмандардың

қоғам ретінде ғұмыр кеше бастаған Мәдина кезеңінде

орын алған-ды. Осыған сүйене отырып, шариғаттың

шеңберінде, адамдардың өз араларында тойлайтын

кейбір шаралардың мүбах екенін байқаймыз. Ал егер

оның нәтижесі жақсылыққа, сауапқа бастаса, ол нағыз

ізгі шара болмақ

127

.

127

М. Хуб, 208-209-б. Негізінен осы аталған кітапта мәулітті

тойлауға болатынына қатысты 33 түрлі дәлел айтылған.

Бұл тақырыптағы мәліметтер сол кітаптан қысқартылып

алынғанын оқырманға ескертіп айта кетуді жөн көрдім.