Previous Page  112 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 200 Next Page
Page Background

112

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

үкімді «бидғату-сәйиәмен», яғни тура жолдан тайды-

ратын адастырушы бидғаттармен ғана шектеген. Бұл

өз кезегінде сахаба, табиғин әрі Пайғамбарымыздың

кезеңінде орын алмаған (мухдәсат) кейін шығарылған

нәрселердің мәнін ұқтыруда»

123

. Олай болса,

Пайғамбарымыздың әрі әуелгі салиқалы буын

«салафус-салихиннің» кезінде болмаған нәрсенің

бәрін бірден «бидғат, ал бидғаттың бәрі адасушылық»

деп үзілді-кесілді үкім шығарудың ешқандай да мәні

жоқ. Сол секілді мәуліт тойлауды да «бидғат, ал ол өз

кезегінде адасушылық» деу дұрыс емес

124

.

Бұған мына хадисті де дәлел ретінде келтіруге

болады. Аллаһ елшісі:

«مَنْ سَنّ فِي الِْسْالَمِ سُنّةً حَسَنَةً فَلَهُ أَجْرُهَا وَأَجْرُ مَنْ عَمِلَ

بِهَا مِنْ بَعْدِهِ مِنْ غَيْرِ أَنْ يَنْقُصَ مِنْ أُجُورِهِمْ شَيْءٌ

«Кімде-кім Исламда «сүннәту хасана», яғни

жақсы жол, жақсы бастама жасаса, оған соның (ізгі

бастама көтергенінің) сауабы әрі одан кейін соны-

мен амал еткендердің сауабындай сауап жазылады.

Олардың сауабынан ешбір нәрсе кемімейді де»

125

деген.

Міне, көптеген сенімді хадис жинақтарында риуаят

етілген осы хадиске сүйене отырып: «Шариғатқа

қайшы әрекет жасау мақсаты жоқ, мазмұнында күнә

саналған нәрсенің орын алмауы әрі діни дәлелдердің

де негізінде бар әрбір жақсылық діннен. Ал кейбір

123

М. Ибн Әләуий, 34-б.

124

Қосымша мәлімет үшін: Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл,

«Дәуір» баспасы, Алматы, 2010, 213-222-б.

125

Мүслим, Зәкәт, 69, Илм, 15; Тирмизи, Илм 16; Ибн Мәжә,

Иман 14