110
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
9. Пайғамбар қиссалары
Жаратқан Иеміз Құранда, Пайғамбарымыз өз
хадистерінде бұрынғы өткен пайғамбарлардың
өміріндегі ғибраттық қиссаларды адамдарға ой салып,
ғибрат алу үшін баяндайды. Олай болса, түпкі мәні
Пайғамбарлардың мырзасы, екі дүние мырзасының
(с.а.с.) нұрлы ғұмыры, мұғжизаларын баяндау болып
табылатын мәуліт жырларын оқыту, тыңдау әрі осы
мақсатта көпшілік үшін жиындар өткізу – Құран мен
сүннетте рұқсат етілген ислами әдет.
Бұны біраз тарқатып айтайық. Жасаған ие өз
кітабында:ِ
لَقَدْ كَانَ فِي قَصَصِهِمْ عِبْرَةٌ ُِّوْلِي الأَلْبَاب
«Шындығында, олардың (бұрынғы өткен
пайғамбарлардың) қиссаларында ақыл иелері үшін
көптеген ғибраттар бар»
,
119
– деп, пайғамбарлардың
қиссаларынан ғибрат алуға шақырады. Құран
кәрімде Пайғамбарымыз бен үмбеті үшін алдыңғы
пайғамбарлардың басынан өткен оқиғаларды баяндап,
тура жол нұсқаған әрі көңілдеріне медет сыйлаған осы
мәндес аяттар көптеп кездеседі. Мысалы,ٌ
اصْبِرْ عَلَى مَا يَقُولُونَ وَاذْكُرْ عَبْدَنَا دَاوُودَ ذَا األَْيْدِ إِنّهُ أَوّاب
«(Әй, елшім!) Олар дегендерін дей берсін. Сен
сабырлы бол. Күшті, қуатты Дәуітті есіңе ал..»;
َ
وَاذْكُرْ عِبَادَنَا إبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوب
119
«Юсую» сүресі, 12/111