105
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ғалымдар мәулітті бидғат деушілерге тойтарыс
бере отырып, мәулітті атап өтуді истихсан еткен.
Оған «Аллаһтың күндерін еске сал» («Ибраһим»
сүресі, 15) деген аятты негіз етіп алған, өйткені
Бәйхақидің жеткізуі бойынша, Пайғамбарымыз
осы аяттағы «күндерді» «Аллаһ тағаланың сыйы
мен нығметтері (нің ең мол болған күндері)» деп
тәпсірлеген. Ал Пайғамбарымыздың дүниеге келген
күні – нығметтердің ең үлкені»
107
дейді. Жаратқанның
осындай үлкен сыйы болған мәулітті шүкіршілікпен,
қуана қарсы алу оның ырыс-берекесін арттырып, бізді
нығметтердің қадірін білуге баулиды.
4. Пайғамбарымыздың өзі үшін «ақиқа»
құрбандығын шалуы
Жәләлуддин әс-Суюти мәулітті атап өтуге қатысты
діни дәлелдің бар екенін былай деп көрсетеді: «Ибн
Хажар әл-Әсқаланидің мәулітті атап өтудің дәлелі
ретінде алған ашура оразасының тысында, қосымша
ретінде сүннеттен мен де бір дәлел таптым. Ол
Бәйхақидің (ө. 1066) тіркеген Әнәс (р.а.) хадисі:
Расулаллаһ (с.а.с.) пайғамбарлық келгеннен кейін
өзі үшін ақиқа құрбанын шалған»
108
. Алайда атасы
Әбдүлмүттәліп Пайғамбарымыз дүниеге келгеннен
жеті күннен соң оның ақиқа құрбандығын шалған-
ды
109
. Ал ақиқа құрбандығы өмірде бір-ақ рет шалы-
нады. Аллаһ елшісінің екінші рет өзі үшін құрбандық
шалуы – Хақ тағаланың өзін күллі ғаламға рақым
107
Әлуси, Рухул-мәәни, 14/5 аятының тәпсірі
108
Бәйхақи, Сүнәнул-кубра, 9/300
109
Ибн Хажар, Фәтхул-бәри, 11/168; әл-Муттақи, Кәнзул-уммал,
12/444