106
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ретінде жаратқандығына деген шүкіршілігінің белгісі
һәм үмбеті үшін де бір үкімге негіз. Өзі үшін құрбандық
шалуы өзіне салауат оқығаны секілді. Өзінің дүниеге
келгеніне қуанышын көрсете отырып, шүкіршілік
мақсатында құрбандық шалуы біздер үшін де
Пайғамбарымыздың жарық дүние есігін ашқан күнінде
Жаратқанға шүкіршілігімізді білдірудің мұстахаб
екенін көрсетеді. Ал шүкіршілікті бір жерге жиналып
ас беру, еске алу т.б. осы секілді Хақ тағалаға жақын
болудың белгісі әрі қуанышымызды жария етудің ізгі
амал екенін көрсетеді»
110
.
5. «Сол күн мейрам болсын»
Құран кәрімде Иса (а.с.) өзі әрі хауарилары үшін
көктен бір дастарқан түсіру үшін Раббысына дұға
жасап, жалбарынғаны былайша беріледі:
قَالَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ اللّهُمّ رَبّنَا أَنزِلْ عَلَيْنَا مَآئِدَةً مِّنَ السّمَاءِ
َتَكُونُ لَنَا عِيداً َِّوّلِنَا وَآخِرِنَا وَآيَةً مِّنكَ وَارْزُقْنَا وَأَنتَ خَيْرُ
الرّازِقِين
«Мәриямұлы Иса: «Уа, Ұлық Раббымыз! Бізге
көктен бір дастарқан түсіре гөр. Біздің әуелгілеріміз
бен ақырғыларымыз (үмбетіміздің барлығы) үшін
сол күн мейрам әрі Сенің жіберген бір мұғжизаң
болсын. Бізді ырзықтандыр, өйткені Сен рызықты
берушілердің ең абзалысың!» – деді»
111
.
110
Суюти, әл-Хәуи лил-фәтәуә, 1/196; әш-Шәми, Субулул-һудә,
1/367
111
«Мәидә» сүресі, 5/114