Previous Page  103 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 200 Next Page
Page Background

103

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

қауымын құтқарған еді. Мұса пайғамбар осы күні

Аллаһ тағалаға шүкір ету ниетімен ораза ұстайтын.

Міне, біз де ораза ұстаймыз», – деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұса пайғамбарға біз сен-

дерден де жақынбыз»,– деп осы күні ораза ұстады әрі

мұсылмандарға осы күні ораза ұстауды бұйырды»

101

.

Ғалымдар осы хадиске сүйене отырып белгілі бір

күні нығметке бөленгендіктен және қатерден аман

қалғандықтан сол күнді еске алу мақсатында салих

амал жасаудың игі шара екендігін көрсетеді дейді

102

.

Мұхаммед әл-Әләуи «Пайғамбарымыз тарихта орын

алған маңызды діни оқиғалар мен олардың болған

уақыты арасында байланыс бар екенін ұқтыратын.

Сол оқиға орын алған уақыт келген кезде, ол оқиғаны

еске алып, ұлықтау үшін маңызды мүмкіндік ретінде

бағамдайтын, өйткені сол сәттер, әлгі оқиғалар үшін

бір себеп. Осы қағиданы Пайғамбарымыздың өзі

белгіледі, өйткені бұны ашура күні ораза ұстау арқылы

нақты көрсетті»

103

, – дейді. Міне, біздер үшін де мәуліт

күні осындай бір еске алу мен ұлықтау үшін ең пай-

далы бір уақыт мерзімі болғандықтан, оны атап өту

Пайғамбарымыздың ұстанымы мен Құран рухына сай.

Соңғы пайғамбар үмбетінің қараңғылыққа көмілген

күллі адамзатты надандық пен адасушылықтан

құтқарып, екі дүние бақытының кілтін ұсынған Аллаһ

елшісінің туылған күніне шүкіршілік мақсатымен

101

Сахихул-Бухари, 2-том, 704-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж. Сахих Муслим, 2-том, 796-бет, Дәру Ихиа'ит-

турасил-араби баспасы, Бәйрут.

102

әш-Шәми, Субулул-һудә уәр-рәшәд, 1-т., 444-б.

103

Мухәммәд ибн Әләуи әл-Мәлики әл-Хәсәни, Хәуләл-ихтифәл

би зикрәил-мәулидин Нәбәуииш-шәриф, 30-б.