Previous Page  104 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 200 Next Page
Page Background

104

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

ораза ұстап, Жаратқанның разылығына бөленетін өзге

де шаралар жасауы Исламның негіздеріне қайшы емес.

Ал хадис саласының майталман ғалымы, хафыз

деген атаққа ие болған Ибн Хажар әл-Әсқалани осы ха-

диске сүйене отырып, ашура күні қалайша Мұхаррам

айының онында атап өтілетін болса, Мәулітті де

арнайы бір күнде атап өтуге болатындығын айтқан

104

.

Негізінен мәуліт шаралары үмбеттің жүрегінде

Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік сезімін

жаңғыртуда. Рамазан әл-Бути «Мәулітті атап өту –

Расулаллаһты күллі ғаламға рақым ретінде жібергені

үшін Аллаһқа шүкіршілік болып табылады»

105

, – дейді.

3. Аллаһ тағаланың күндері

Құран кәрімде:

ٍوَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَى بِآيَاتِنَا أَنْ أَخْرِجْ قَوْمَكَ مِنَ الظّلُمَاتِ إِلَى

النّورِ وَذَكِّرْهُمْ بِأَيّامِ اللِّ إِنّ فِي ذَلِكَ لآيَاتٍ لِّكُلِّ صَبّارٍ شَكُور

«Мұсаны да «Халқыңды қараңғылықтардан

нұрға шығар және оларға Аллаһтың күндерін

еске сал» деп аяттарымызды жібердік. Шын

мәнінде, мұнда сабырлық танытып, шүкіршілік

жасағандарға ғибраттар, дәлелдер бар»

106

делінеді.

Шейх Мұхаммед әл-Фадыл ибн Ашур (1909-1970)

Пайғамбарымыздың дүниеге келген күнін ِّ

أَيّامِ الل

«әййамуллаһ», яғни «Аллаһ тағаланың күндері» дей

отырып: «Суюти, Әсқалани және Хайтами секілді

104

М. Хуб, Илк нурун догушу, 142-б.

105

Р. әл-Бути, Әхдәфул-ихтифәл би мәулиди сәййдил-әнәм,

Хира журналы, 3-сан, 2006, Стамбул

106

«Ибраһим» сүресі, 5-аят