Previous Page  101 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 200 Next Page
Page Background

101

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Пайғамбарымыздың Рәбиул-әууәл айының 12-сінде

туған күнін атап өту әдеті Адамзаттың мақтанышының

шыр етіп дүниеге келген үйінде басталған.

Пайғамбарымыздың Меккеде туылған үйін «Мәулидун-

Нәбии» деп атаған. Сонау ерте замандардың өзінде

қажылық пен ұмраға келгендердің Пайғамбарымызға

деген сүйіспеншілігі мен сағынышының белгісі ретінде

осы үйді зиярат етуге ағылып келулерінен Мәуліт

мейрамының ең алғаш атап өтілген жерінің осы жерден

басталғанын көреміз. Адамдардың көптігіне байланы-

сты келгендердің дұға-тілектерін жасауына ыңғайлы

болуы үшін Аббаси халифасы Харун Рашидтің анасы

әл-Хәйзуран (қайтыс болған жылы Һижри 173, миләди

790 ж.) Пайғамбарымыздың осы туылған үйін жөндеп,

мешітке айналдырған, сондықтан мәуліттің мереке

ретінде атап өтілуінің хижри екінші ғасырда басталған

десек артық айтқандық емес

99

. Ал мәулітті ресми түрде

тойлау Фатимилер мемлекетінде Муиз Лидинилләһ

билік басына келген кезеңнен (972 ж.) басталады

100

. Ал

халықтың жүрегінде ол сонау ерте кезден-ақ басталған

болатын.

Мәуліт тойлаудың тарихына қысқаша тоқталғаннан

кейін енді ғалымдардың мәулітті атап өтуге байланы-

сты айтқан көзқарасы мен дәлеліне тоқталайық:

1. Дүйсенбі күнгі ораза

Жоғарыда хадисте келтіргеніміздей, Адамзаттың

Асылы дүйсенбі күні туылған күнін атап өту үшін

ораза ұстаған. Бұл хадистің сахихтығында ешқандай

күмән жоқ. Әрі дүйсенбі күні ораза ұстау төрт мазһабта

99

М. Хуб, Илк Нурун догушу, Стамбул, 2008, 100-б.

100

М. Хуб, 103-б.