Previous Page  102 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 200 Next Page
Page Background

102

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

да сүннет. Пайғамбарымыз жылда бір рет қана емес,

шүкіршілік ретінде әр апта ұстау арқылы бүкіл

үмбетке сүннет еткен. Пайғамбарымыздың ораза ұстап

атап өтуі, басқа ізгі амал істеуге болмайды деген сөз

емес. Пайғамбар үмбетінің осы күні сауап ниетімен

ораза ұстауы, шариғатқа қайшы келмейтіндей түрде

атап өтуі, ақирет үшін оңтайлы пайдалануға тырысуы

бидғат емес, қайта Құран, мәуліт оқыту, салауат айту,

конференциялар, кездесулер өткізіп діни уағыз-насихат

жасау сауапты іс болмақ. Бұлардың бәрінің астарында

Пайғамбарымызды (с.а.с.) еске алу бар.

2. Ашура күні ораза ұстау

عن بن عَبّاسٍ رضي الل عنهما أَنّ رَسُولَ اللِّ صلى الل عليه

وسلم قَدِمَ الْمَدِينَةَ فَوَجَدَ الْيَهُودَ صِيَامًا يوم عَاشُورَاءَ فقال لهم

رسول اللِّ صلى الل عليه وسلم ما هذا الْيَوْمُ الذي تَصُومُونَهُ

فَقَالُوا هذا يَوْمٌ عَظِيمٌ أَنْجَى الل فيه مُوسَى وَقَوْمَهُ وَغَرّقَ فِرْعَوْنَ

وَقَوْمَهُ فَصَامَهُ مُوسَى شُكْرًا فَنَحْنُ نَصُومُهُ فقال رسول اللِّ

ِصلى الل عليه وسلم فَنَحْنُ أَحَقّ وَأَوْلَى بِمُوسَى مِنْكُمْ فَصَامَهُ

رسول اللِّ صلى الل عليه وسلم وَأَمَرَ بِصِيَامِه

Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген мына хадисте

былай делінеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден

Мәдинаға келген кезде, еврейлердің Ашура күні ораза

ұстап жатқанын көрді де:

«Ораза ұстап жүрген бұл

күндерің қандай күн?» – деп сұрады. Олар: «Бұл – ұлы

күн, өйткені бұл күні Аллаһ тағала перғауын мен оның

жұртын суға батырып, Мұса пайғамбар мен оның