100
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
саналады, өйткені Пайғамбарымыз (сас): «Үмбетім
адасушылықта бірлеспейді»
96
, – деп кеткен.
Мәулітті атап өтудің негізінде Пайғамбарға деген
сүйіспеншіліктің жатқаны аян. Алғашқы үш ғасырда
(сахаба, табиғин, атбағут-табиғин) Мәулітті ресми
түрде тойлау әдеті болмаса да, мұсылмандар жыл са-
науды белгілеуге қатысты айтылған ұсыныстардың
ішінде Пайғамбарымыздың туылған күнінің де болуы,
сахабалар арасында осы күннің ерекше болғандығын
көрсетсе керек. Сонымен қатар, мәуліт тойлаудың діни
негізі бар екенін Мүслим, Әбу Дәуіт пен Ахмәд ибн
Ханбәлдің жинақтарында риуаят етілген мына бір
сахих хадис растайды.
Пайғамбарымыздан дүйсенбі күні ұстайтын ораза
жайлы сұралған кезде, ол:
ذَاكَ يَوْمٌ وُلِدْتُ فيه وَيَوْمٌ بُعِثْتُ أو أُنْزِلَ عَلَيّ فيه
«Бұл күні мен дүниеге келдім әрі елші болып
жіберілдім немесе бұл күні маған Құран түсті»
97
,
– деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жылда
бір рет емес, әр дүйсенбі сайын ораза ұстау арқылы
туған күнін атап өткен. Кей ғалымдар осыған сүйене
отырып, мәулітті атап өтуді ең алғаш бастаған
Пайғамбарымыздың өзі дейді
98
.
96
Ахмәд ибн Ханбәл, Мүснәд, Қабәил, 25966; Хаким,
Мүстәдрәк, 1/115; Ибн Мәжә, 3950
97
Мүслим, Сиям, 197; Әбу Дәуіт, Саум, 54; Ахмәд ибн Ханбәл,
5/297, 299
98
Мухәммәд ибн Әләуий әл-Мәлики әл-Хәсәни, Хәуләл-
ихтифәл би зикрәил-мәулидин Нәбәуииш-шәриф, Каир,
2004, 15-б. (Хуб, 100)