Previous Page  95 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 200 Next Page
Page Background

95

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.

Мұхаммедтің үмбеті мұсылманмын

Пайғамбарым қолдайды қысылған күн.

Алсын тағалам ант етем, ант етемін

Алла есімін есімнен шығарған күн,

– деп ардақты

елшіге үмбет болғандығын мақтан тұтып, паш еткен-

ді.

Міне осындай мадақ жырлардың бәрі

бабаларымыздың Пайғамбарға деген ыстық

ықыласынан туындаған.

Жалпы, қоғамдық ақыл-ойға ықпал еткен ақындар

өз кезеңіндегі халықтың жүрек үніне аудармашы болған.

Қазақ халқының Пайғамбарға (с.а.с.)

сүйіспеншілігі

мен құрметін халық ауыз әдебиетінен де көруге

болады. Мақал-мәтелдерде хадистердің қолданылуы

көптеген әдет-ғұрыптардың Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) сүннетінен туындағанының айғағы. Хазреті

Пайғамбардың (с.а.с.) атының баталарда қосылып ай-

тылуы осы сүйіспеншіліктің белгісі. Тіпті, халқымызда

Мұхаммед, Ахмет, Мұстафа, Нұрмұхаммед, Махмұд,

Махамбет, Мәмет, Мұқаш, Мұқағали (Мұхаммед-

Әли) т.б. сияқты есімдердің көптеп кездесіп жатуы –

сәбилерін адамзаттың ардақтысы, Аллаһтың сүйікті

құлы хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) ұқсасын, соның жо-

лымен жүріп, ақыретте шапағатынан үлес алсын деген

арманнан туындаған жүректің пәк тілегінің айқын

көрінісі екені айдан анық.