Previous Page  91 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 200 Next Page
Page Background

91

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

мадақтаған. Мұсылмандық өмірінде Құран кәріммен

сусындаған ақын бабаларымыз рақым Пайғамбарға

(с.а.с.) деген сүйіспеншіліктерінен туындаған жыр

жолдарына осы аяттарды да негіз еткен. Мысалы:

Жаратты Хабибісін Егем Рахман,

Екі ғалам үстіне Сәруар қылған.

«Уа ма арсәлнака илла рахматән лилғаламин»

86

деп,

Рахметін өзіменен бірдей қылған

87

, – деген жыр

жолында шайыр Әнбия сүресіндегі:

«Біз сені ғаламға

рақым етіп қана жібердік»

аятты қолданған. Қазақ

ақын-жыраулардың Пайғамбарымызға (с.а.с.) арнаған

өлең жолдарында Құран аяттарын немесе хадистердегі

мәліметтерді қолдану көптеп кездеседі. Мұның өзі бізге

ата-бабаларымыздың Аллаһ елшісі жайлы Құраннан

және хадистерден оқып үйренгендігін көрсетеді.

Сондай-ақ

ақындарымыз

тек

қана

Пайғамбарымыздың өзін емес, оның іс-әрекеттері

болып табылатын сүннеттерді де жырларына қосқан.

Мысалы Әбубәкір Кердері :

“Хақ расул Мұхаммед

Дүниеге келген соң

Дінге халық молықты

Талайын дінге үндеді

Көрсетіп жұмақ-тамұқты.

Расулінің заманы

Ешкімнің қонбас қолына.

Шапағатын ізденіп

86

Жоғарыда айтылған «Әнбия» сүресі, 107-аяттың арабша

баламасы.

87

Бабалар с

ө

зі, I, 63-б.