Previous Page  94 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 200 Next Page
Page Background

94

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Жаман әдеттерден аулақ жүру жайлы үгіт-

насихаттарында да халқымыздың Пайғамбарымызды

(с.а.с.) жарқын үлгі етіп алғанын көруге болады.

Мысалы, өтірік, ұрлық сияқты жаман қылықтардан

тыңдаушыларын жеріту мақсатымен:

Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла,

Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес

94

,

деген.

Мал-мүлікке құнығу, сол үшін біреудің малына қол

созу – бұл да мұсылманға жат қылық. Осыдан жаста-

рымызды тыю үшін:

Бұл дүние имандыға арман емес,

Дүниенің қызығы үшін мал жимаймыз,

Мал, шіркін, ешкімге еріп барған емес.

Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар,

Пайда ғып ешкім малын алған емес

95

, – дейді

халқымыз.

«Жарлы деп сөкпе,

Пайғамбарға тілің тиеді» Адам баласы мекерленіп,

еш уақытта менсінбеушілікке салынып бір-бірін

кемсітпеуі керек. Кедей болу – ол адамның міні

емес. Тағдыр талайы. Міне, осындай ғибраты мол

ескертулерінде халқымыздың Пайғамбарымызды

(с.а.с.) еске түсіріп, оны үлгі тұтуы – өмірдің әр

белесінде оның жолымен жүріп, бағыт-бағдарын

ұстанғандарының бір айғағы.

Кеңес одағының қылышынан қан тамып тұрған са-

ясатына қарамастан Мұқағали ақын:

Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнін білем.

94

Бабалар с

ө

зі – даналы

қ

к

ө

зі, 83-б.

95

Б

ұ

л да сонда, 83-б.