Previous Page  93 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 200 Next Page
Page Background

93

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Жетімдікке жасында,

89

– деп Пайғамбарымызды

(с.а.с.) әрдайым үлгі тұтқан халқымыз, біреудің ата-

анасы қайтыс болғанда оның өмір жолын еске түсіріп,

маңдайына жетімдік жазылғандарға басу айтып,

көңілін аулаған.

Ақыретте көз салсын

Баратұғын орынға.

Білсін Алла жарлығын,

Алдында өлім барлығын,

Құдай досты Мұхаммед

Оның да алған жалғызын

90

, – деп, халқымыз

адамның басына келетін ең ауыр қазалардың бірі

– бауыр еті баласынан айрылғанда болаттай берік

болуға, Пайғамбарымызды еске алып, бір-бірін

сабырлыққа шақыра білген. Тіпті басқа түскен әрбір

қиыншылықтың өзіндік хикмет-сырлары барын хади-

стерден біліп-үйренген халқымыз былай деген:

Қайғылы пендесіне құдай жақын,

Жылатар пендесінің асыл затын.

Әркімді артық сүйсе – артық қинар,

Достының естиін деп мінәжатын

91

. Себебі Аллаһ

елшісі (с.а.с.) бұл жайында:

«Қиыншылықтарға ең көп душар болатындар:

пайғамбарлар, сосын одан кейінгі дәрежедегілер»

92

«Аллаһ тағала бір қауымды жақсы көрсе, оларды

қиыншылықтарға душар етеді»

93

– деп ескерткен бо-

латын.

89

Шортанбай

, 43-б.

90

Шортанбай

, 37-б.

91

Бес

ғ

асыр жырлайды, I т., 341-б.

92

Тирмизи

, Зухд, 57.

93

Тирмизи,

Зухд, 57.