88
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
парсы әдебиетінде болса Хакім Сәнаий, Низами, Фари-
дуддин Аттар, Ширази, Әмір Хусрау-и Дихлауи және
Молла Жами осы жанрда өте жарқын шығармаларын
жазған.
Бұл жанр түркі халықтары әдебиетінде де кең
тараған.
85
Біздің қазақ әдебиетінде арнайы жанр ретінде
өз алдына дамымағанымен, ақын-жырауларымыздың
өлең-жырларында Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтылған
мадақтар көптеп кездеседі.
Қазақ әдебиетінің алғашқы мұраларына көз
жүгіртер болсақ, Әз. Пайғамбарға алғаш мадақ жырын
жазған күллі мұсылман-түркі халықтарына ортақ
Жүсіп Баласағұн екенін көреміз. Мұсылман-түркі
әдебиетінің алғашқы үлгісі болып саналатын “Құтадғу
білік” атты кітабы арқылы ол Әз. Мұхаммедті халқына
танытып, сүйдіруді мақсат тұтқан. Ол Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) мінезінің көркемдігін, адамзатқа жіберілген
шырақ екендігін және үмбетіне деген сүйіспеншілігін
айта келе, оның жолының есендікке жеткізетінін
тілге тиек етеді. Жүсіп Баласағұн шығармасында
Әз. Пайғамбарды “Расулаллаһ” (Аллаһтың елшісі),
“Хабибуллаһ” (Аллаһтың сүйікті құлы), “Хатәмул-
әнбия” (пайғамбарлардың соңғысы) деген сипаттармен
мадақтаған.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) арналған шығармалардың
бәрінің ең басты мақсаты авторлардың оған деген
сүйіспеншіліктерін паш етуі, халықты ол жайлы
мәліметпен сусындату болса, жанама мақсатында
осы еңбектері арқылы Аллаһтың ырзашылығына
85
А. Әділбаев
, Қазақ халқында Пайғамбар сүйіспеншілігі, Дала
мен қала, 7 мамыр, 2004.