Previous Page  83 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 200 Next Page
Page Background

83

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

ремет үлгілер бар»

82

деген аятты ұстанып, сүннет жо-

лымен жүруге тырысатын.

Егер біз адамзаттың ардақтысының өмірін халыққа

дұрыс танытып сүйдіре алсақ, онда көптеген жандар

Исламның мейірім шуағына бөленіп, шынайы бақытқа

қол жеткізер еді, өйткені ол ар-Рахман әрі әр-Рахим

болған Жаратушы тарапынан бүкіл әлемге тек қана

мейірім сыйлап, адамзатты қараңғылықтан құтқару

үшін жіберілген-ді.

Пайғамбарға деген зор сүйіспеншілік сол заман-

мен ғана шектелмей, күні бүгінге дейін жалғасын

тауып келеді. Әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) келетінін

сүйіншілеп, ынтыға күткендер қаншама көп болса,

келгеннен кейін оны жырға қосып, бас тәжі еткендер

де жеткілікті. Уақыт өткен сайын тарихтағы небір

мемлекет басшылары мен қоғам көсемдері уақыттың

тегеурініне төтеп бере алмай ұмытылып кетіп жатса,

хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) деген сүйіспеншілік күн

сайын жаңарып, жаңғыра түсуде.

Аллаһ тағала Мұхаммед пайғамбарымызды та-

нуымызды әрі оған деген сүйіспеншілігімізді артты-

ра түссін. А. Иүгінеки: «Оны мадақтағанда тілімнің

дәмі кіреді, оны еске алғанда шекер мен бал жегендей

боламын», – дейді. Бүгінгі күннің өзінде адамзаттың

ардақты тұлғасы – Мұхаммедтің (с.а.с.) мүбәрак

атын атаған сайын тілі күрмелгендей буын-буыны

босап, көз жасын сықпайтын жандар аз емес. Қазірдің

өзінде Мәдина қаласына барған жан оның тамаша

рухани атмосферасына бөленеді. Ғашықтықтың ша-

рабын ішкендей ол жерден кеткісі келмейді. Қасиетті

82

Ахзаб сүресі, 21-аят.