Previous Page  81 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 200 Next Page
Page Background

81

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Міне, Пайғамбарымыз да өзін жақсы көргендерге

осындай сүйіспеншілік танытқан еді. Әр сахабаның

өмірін оқыған кезде, Пайғамбарымызға жақын сахаба

сол екен деген ой келеді.

Тарих парақтарын қанша ақтарсақ та, барша

сахабаның Пайғамбарымызды ерекше сүйгеніндей

өзара сүйіспеншілікке негізделген сондай бір қоғам,

достары тарапынан пайғамбардай ерекше қадір-

құрметке ие болған ешқандай басшы болмағандығын

көреміз.

Негізінде, сахабалардың мәртебесін көтерген де осы

Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген шексіз сүйіспеншілік бола-

тын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз міндетін толық атқарып,

замандастары тарапынан теңдесі жоқ сүйіспеншілік

пен өте зор құрметке бөленді. Сахабалардың өмірі –

бұған толығымен куә. Олар Пайғамбарымызды (с.а.с.)

тек көзі тірісінде ғана жақсы көріп қойған жоқ, қайтыс

болған соң да одан қалған әрбір естелікті көздерінің

қарашығындай сақтады. Соның бірі сүннет амалдар

болатын. Олар Пайғамбарымызға барынша ұқсауға

тырысып, сәті түскен сайын сүннетті қайталаумен

болатын. Сүннет бойынша амал етпегендерге қатаң

ескерту де жасайтын. Мысалы, бір күні сахаба Жабир

қасындағыларға ғұсыл дәрет туралы түсіндіріп жатты.

Сөз барысында Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ғұсыл дәреті

үшін қанша мөлшерде су қолданғанын да баяндайды.

Тыңдаушылардың арасындағы Хасан ибн Мұхаммед

деген кісі мұндай мөлшердегі судың өзіне ғұсыл алуға

жетпейтінін айтады. Сонда Жабир (р.а.): «Шашы сенің

шашыңнан да қалың, өзі сенен де қайырлы кісіге

сондай су жеткілікті еді», – деп қатаң жауап қатады.