Previous Page  76 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 200 Next Page
Page Background

76

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

хазірет Мұхаммед (с.а.с.) даңқының қияметке дейін

сөнбейтіндігіне күллі ғалам куә.

Пайғамбарымыздың өзі «анамнан кейінгі анам»

деп атаған Уммү Айман оны ерекше жақсы көретін.

Үммү Айман Пайғамбарымыздың өз анасы қайтыс

болғаннан кейін оған анасындай жақын еді. Ол (с.а.с.)

қуанса қуанып, көңілі босаса, оның да көңілі босап

шыға келетін. Сырқаттанып жылаған сәбиді құшағына

алып отырған Мейірім пайғамбары көз жасына ерік

береді. Оның егілгенін көріп қалған Үммү Айман да

қосылып жылайды. Пайғамбарымыз одан: «Аллаһтың

елшісі қасыңда емес пе, неге жылайсың?» – дегенде, ол

«Расулаллаһ жылап тұрғанда, мен қалайша жыламай-

ын?!» – деп, Аллаһ елшісіне деген сүйіспеншілігінің

қаншалықты терең екенін көрсеткен еді

74

.

Әзірет Осман: «Пайғамбарымыз қайтыс болған

кезде, сахабалардың көпшілігі қатты қайғырды. Тіпті

тұтығып сөйлей алмайтындай күйге түсті. Солардың

біреуі мен едім. Әбу Бәкірге ант беріліп қойған еді.

Қасымнан Омар маған сәлем беріп өтіп кеткенде, мен

оны тіпті байқамаппын да, өйткені қайғыдан қаусап

отыр едім», – деген

75

.

Әділеттілігімен аты әлемге әйгілі болған айбын-

ды Омар (р.а.) Аллаһтың елшісін жан-тәнімен жақсы

көретін. Пайғамбарымыз Аллаһтың әмірімен ақиретке

аттанған кезде, бүкіл сахабалар секілді ол да басына

жай түскендей қатты толқыды. Расулаллаһтың өмірден

озғанына әлі де сене алмай, сергелдең күй кешіп,

74

Табақат, 8:225

;

Саңлақ сахабалар, 254

75

Табақат, 2/84