74
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Сахабалар Пайғамбарымызды гүлге қонған таңғы
шықтай елестетіп, жүрегін абайсызда жаралап алмауға
жанын салатын. Өз қалауынан гөрі Пайғамбарымыздың
қалауының орындалғанын тілейтін.
Әзірет Әбу Бәкір әкесі Кухафа мұсылман болған
кезде, сол мезетте-ақ жанары жасқа толып шыға
келді. Пайғамбарымыз неге бұлай егілуінің себебін
сұрағанда, ол: «менің әкемнің орнына сенің немере
ағаң Әбу Тәліп мұсылман болғанда, қатты қуанар
едім, өйткені оның мұсылман болуы сені қуантар еді»,
– деген-ді
70
.
Әбу Талха (р.а.) Ұхұд шайқасында өз денесін
Пайғамбарымызға қорған етіп, жауына оқ жаудырып
жүрді. Пайғамбарымыз оның атқан оғы қайда түсті
деп басын көтеріп қарайтын. Бұны байқаған Әбу
Талха: «Әй, Аллаһтың елшісі! Әке-шешем сіздің
жолыңызда садақа болсын. Абайлаңыз, сізге оқ тиіп
кетпесін. Менің денем сізге қорған болсын», – деп,
Пайғамбарымыздың тірі қалуы үшін өз жанын пида
етуге даяр екенін көрсеткен еді
71
.
Әзірет Омар Фатима анамызға келіп: «Фатима!
Аллаһқа ант етемін, пайғамбардың біреуді сенен
артық жақсы көргенін көрген емеспін. Әкең қайтыс
болғаннан бері артық құрмет көрсетіп, сенен қатты
жақсы көрген адамым жоқ», – деді
72
.
Қанды Ұхұд шайқасында «мұсылмандар жеңіліске
ұшырады және Расулаллаһ шейіт болды» деген хабар-
70
Кандыһләуй, 2.т, 356
71
Бидая, 4/27
72
Кандыһләуй, 2.т, 358