

79
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
«Қияметке не дайындадың?» – дегенде, әлгі кісі: «Еш
нәрсем жоқ, бірақ мен Аллаһ пен елшісін қатты жақсы
көремін», – деді. Пайғамбарымыздың «Кімді жақсы
көрсең, солармен бірге боласың» дегенін естігенде, сол
жердегі бәріміз балаша қуандық. Тіпті ол уақытқа дейін
басқа еш нәрсеге бұлайша қуанбаған едік. Әнәс сөзін
жалғастырып: «Мен Пайғамбарымызды, Әбу Бәкірді
және Омарды жақсы көргендіктен, солармен бірге
болуды үміт етемін». Мінеки, сахабалар жаннатқа ба-
ратынын білсе де, пайғамбарсыз болуды қаламайтын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір жиһадқа аттанғанда,
Сәубан атты сахаба сол жорыққа қатыса алмады. Аллаһ
елшісі шайқастан оралғанда, барлығы барып аманда-
сып жатты. Бұлардың ішінде Сәубан да бар еді. Жүзіне
солғын тартып, өн-бойы әбден қушиып қалған бола-
тын. Мейірім пайғамбары одан: «Саған не болды?» –
деп сұрағанда, ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жанымды
жегідей жеген бір ой мені осындай халге душар етті.
Ол былай болды: Мен Аллаһ елшісінен үш күн жырақ
қалғанға шыдай алмадым. Мәңгілік әлемде жырақ
қалуға қалай шыдаймын? Өйткені ол – Аллаһтың
елшісі. Оның дәрежесі де жоғары. Баратын жаннаты
да өзіне лайық болады. Мен болсам жай бір адаммын.
Жаннатқа кірген күннің өзінде Аллаһ елшісінің бара-
тын жаннатына кіруім мүмкін емес. Оны мәңгі-бақи
көре алмаймын. Міне, осыны ойлай-ойлай мынадай
күйге душар болдым», – дегенде, Аллаһ елшісі өзін
қатты жақсы көрген бұл сахабасын «адам кімді жақсы
көрсе, ақиретте де сонымен бірге»
79
деп жұбатады.
79
Бухари,
Әдәб 96
; Муслим,
Бирр 165, (2640)
; Әбу Дәуіт,
Әдәб
122, (5126)