77
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ашумен: «Егер кімде-кім Мұхаммедті өлді десе, басын
аламын!» – деген-ді.
Аллаһ елшісінің жан дүниесі және адамгершілігі
ғана емес, сыртқы ажары да адамды баурап аларлықтай
көркем болатын. Баласындай болып жастайынан
қолында өскен хазірет Әнәс ибн Мәлік: «Аллаһ елшісі
адамдардың ең көріктісі еді», – дейді.
Жәбир ибн Сәмура Пайғамбарымыздың
шырайлылығы жайында былай дейді: «Бір күні мешітте
отырғанбыз. Айдың тура он төрті еді. Төбемізде ай
жарығын шашып жарқырап тұрған болатын. Сол кезде
мешітке Аллаһ расулы кіріп келді. Мен Пайғамбардың
жүзіне әрі айға қарадым. Ант ішейін, Аллаһ елшісінің
жүзі айдан да жарқын еді».
Кағб ибн Мәлік: «Пайғамбарымыз қуанған кезде,
оның жүзі нұрға толып, толған айдай жарқырайтын...»
– дейді
76
.
Әзірет Айша анамыз: «Мысырдың әйелдері Жүсіпті
көрген кезде қолдарын кесіп алды. Егер олар менің
мырзамды көрсе, қол емес, байқаусызда пышақтарын
жүректеріне сұғып алар еді», – дейді.
Пайғамбарымыз жан тәслім еткен кезде, Әбу Бәкір
Сыддық барып бетіне жабылған матаны ашып: «Тірі
кезіңде қандай көркем болсаң, өлген кезде де сондай
шырайлысың!» –деп, Пайғамбарымыздың маңдайынан
сүйеді.
Бәдір шайқасы күні Пайғамбарымыз қолындағы
бір оқпен сахабалардың сабын түзеп келе жатқанда,
Ади Нәжжарұлдары қауымынан Сәуад ибн Жузәйяның
қасынан өтті. Ол алға шығып, сапты бұзып тұрған еді.
76
Бухари,
Мағази, 79
; Муслим,
Тәуба, 53