Previous Page  82 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 200 Next Page
Page Background

82

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Жабир бұл жауабы арқылы Пайғамбар сүннетінің әрбір

адам үшін ыңғайлы екенін меңзеген еді.

Сахабалар үшін мұсылман болып өмір сүрудің

бір ғана жолы бар еді, ол – Пайғамбар (с.а.с.) секілді

өмір сүру, яғни сүннет жолымен жүру. Тіпті Әбу

Суфиян өзі мұсылман болмай тұрған кезде сахаба-

лар жайында: «Олар Мұхаммед не істесе, тура соны

қайталайды»

81

– деген еді. Тіпті олар діни мәселелерді

қамтымайтын қарапайым іс-әрекеттерінде де Аллаһ

елшісіне (с.а.с.) ұқсауға тырысатын. Әбу Әйюб әл-

Ансари Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сарымсақты

ұнатпайтынын білген сәттен бастап, сарымсақ жемеген.

Жабир ибн Абдуллаһ: «Сірке суы қандай жақсы қоспа»

деген сөзін естіген сәттен бастап, сірке суын жақсы

көргенін айтады. Абдуллаһ ибн Омар жолаушылыққа

шыққан кезде, егер бұрын Пайғамбарымыз (с.а.с.)

сол жолмен жүрген болса, қай жерлерде тоқтап, қай

жерде намаз оқығанын сұрап, жолаушылығында тура

сол жерлерге аялдап, сол сүннеттерді орындаған. Тіпті,

Пайғамбарымыздың ұнатқан нәрселерін өздерінің

ұнатқандарынан артық санаған. Мысалы, Әзірет Омар

(р.а.) үлес бөлген кезде, Усама ибн Зейдке өзінің ұлы

Абдуллаһтан артық береді. Бұның себебін сұраған

ұлына: «Аллаһ елшісі Усаманың әкесі Зәйдті сенің

әкеңнен, Усаманы да сенен артық жақсы көретін», – деп

жауап береді. Яғни, халифа Омар (р.а.) Аллаһ елшісінің

жақсы көргендерін өзінің жақсы көргендерінен жоғары

тұтатын еді. Сахабалар қандай жағдай болмасын,

Құрандағы «Аллаһ елшісінің бойында сендер үшін ке-

81

Тирмизи, Тәфсирул-Қуран, 1.