85
Қазақ халқының
Пайғамбарымызға деген
сүйіспеншілігі
Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың
(с.а.с.) көркем мінез-құлқы, данышпандығы мен
ақылдылығы он төрт ғасыр бойы үмбетін өзіне тәнті
етіп келеді. Сәт сайын саны артқан мұсылман үмбеті
оның өнегелі өмір жолын, мінез-құлқын «қасиетті
сүннет» деп ұстануда. Әрбір сүннетін ұстану арқылы
оған деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде дәлелдеуде.
Осы көштің жолында, «Хаққа құл, расулға
үмбет әзелден біз», – деп мұсылман екенін мақтан
ете отырып, жырға қосқан қазақ халқының да Хақ
пайғамбарға деген сүйіспеншіліктері шын жүректен әрі
уыздай пәк еді. Халқымыздың ғасырлар бойғы жүрек
үнін паш еткен өлең-жырларына үңілсек, олардың
Аллаһ тағаланың: «(Уа, Мұхаммед, оларға айт:)
«Егер Аллаһты жақсы көрсеңдер мені үлгі етіп,
соңымнан еріңдер, сонда Аллаһ та сендерді жақсы
көріп күнәларыңды кешіреді. Аллаһ тағала тым
кешірімді әрі аса Рақымды»
,
83
– деген бұйрығына бас
игендігін көреміз. Демек, Аллаһты сүю – Пайғамбарды
сүйіп, оның салған тура жолымен жүру деген сөз.
Оның ізі – Аллаһ тағаланың ризалығына алып баратын
83
«
Ә
ли Имран» с
ү
ресі, 31