86
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ең тура бағыт. Оның ізі – бақыттың жолы. Қазақ халқы
осыны жан-тәнімен ұғынып былай деген:
– Бақыт қайда барасың?
– Үйінде тұрған Құраны,
Расулалла ұраны,
Тәртіпті үйге барамын.
Аллаһ тағала Құранда Пайғамбарымызға арнап:
«Шындығында сен тұп-тура жолды, Аллаһтың
жолын көрсетудесің!»
84
, − дейді.
Осы шұғылалы жолмен қазақ халқы да жүріп, жөн
сілтеуші Пайғамбарын шын жүректен шыққан жырла-
рына қосқан.
Жалпы, Ислам әдебиетінде үмбеттің хазірет
Пайғамбарға (с.а.с.) деген сүйіспеншілігінен,
құрметінен туындаған жанрлар көп. Мысалы, сүйікті
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімдері жайлы «әсмаун-
Нәби», өмірбаянын қамтыған «Сира» кітаптары,
туылған күніне арнап шығарылған мәулід жырлары
бар. Сондай-ақ оның басынан өткен әрбір оқиғаның
өзі мұсылман әдебиетінде жеке бір жанрға айналған.
Мысалы: «Мираж-наме» (Пайғамбарымыздың миражға
шығуы), «Муғжизат Нәби» (Пайғамбарымыздың
мұғжизалары), «Ғазауат Нәби» (Пайғамбарымыздың
қатысқан
жорықтары),
«Хижрәтун-Нәби»
(Пайғамбарымыздың хижреті), «Ахлақун-Нәби»
(Пайғамбарымыздың мінез-құлқы) және тағы да басқа
тақырыптарда туындылар жазылған. Сондай көркем
жанрлардың бірі – нағыт (на‘т). Нағыт (арабша-на‘т) –
бір адамды бойындағы ерекшеліктері мен қасиеттерін
мадақтай отырып сипаттау деген мағынаны білдіреді.
84
«Шура» с
ү
ресі, 52-53