87
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Діни әдебиеттегі терминдік мағынасы – Әз. Мұхаммедті
(с.а.с) мадақтау, мақтау мақсатымен жазылған әдеби
шығармалардың жалпы аты. Бұл жерде ескере кете-
тін бір жәйт, Әз. Пайғамбардың тысындағы адамдарға
арналған жырлар мадақ жырлары деп аталып жатса,
тек қана Әз. Пайғамбарға арналған мадақ жырлары
“нағыт” (на‘т) деген атқа ие болған.
Түркі халықтарындағы бұл жанр бастауын араб
әдебиетінен алады. Әз. Мұхаммедтің көзі тірісінде
оған арнап мадақ жырлары жазылған. Тіпті осы нағыт
сипатындағы алғашқы өлеңнің ол дүниеге келмей тұрып
7 ғасыр бұрын жазылуы да бұрын-соңды болмаған
нәрсе. Йемен патшасы Әбу Кәриб әл-Химиари сол кез-
дегі ғалымдардан Інжіл мен Тәуратта соңғы пайғамбар
Әз. Мұхаммедтің (а.с) келетіндігі жайлы жазылғанын
естіп, оған мадақ жырын арнаған. Осы пайғамбардың
Аллаһтың елшісі екенін, оның кезеңіне дейін өмір
сүрсе оған мойынсұнатынын жазып кеткен. Кейіннен
сахаба Әбу Айиуб әл-Әнсаридің қолына келіп жеткен
осы хат Әз. Пайғамбарға ұсынылған. Бұл оқиғаны қазақ
ақыны Шәді Жәңгірұлы да “Назым сияр шариф” атты
кітабының “Табим Хамри оқиғасы” деген бөлімінде
қазақ тілінде әсем баяндаған.
Мұсылман әдебиетінде Әз. Мұхаммедтің көзі ті-
рісінде Ағша мен Кағыб бин Зухейрдің жырларында
нағыттың алғашқы тұлғалары көрінсе, Хассан бин
Сабит, Абдуллаһ бин Рауаха, Кағыб бин Малик, Амир
бин Синанил-Әкуа сияқты “Шуараун-нәби” (Пайғамбар
ақындары) деген атаққа ие болған араб ақындары осы
тақырыпта қалам тартқан. Араб әдебиетінде бұл жанр
х. 4 ғасырда шарықтау шыңына жеткен. Классикалық