89
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
бөлену мен Әз. Пайғамбардың шапағатынан үлес алу
ниеті жатқандығы анық. Міне осындай ниетін Жүсіп
Баласағұн жырында былай білдіреді:
Пейіл бұрдым енді оның жолына
Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.
Иләһи! Менің көңілімді күзеткін,
Қияметте пайғамбермен бір еткін!
Қияметте көрсет толық жүзіңді,
Қолымнан демеп, раббым, өткіз өзімді!
Жалпы мұсылман авторлар кез-келген шығармасын
жазған кезде “хамдәлә” (Аллаһқа мадақ) және
“салуәлә” (Пайғамбарға салауат) айтып оны мадақ
етіп бастап, одан кейін барып негізгі тақырыптарына
көшкен. Осылайша “хамдәлә” мен “салуәлә” мұсылман
мәдениетінің символына айналып кеткен. Осы әдісті
қазақ ақындары да қолданып отырған. Мысалы ХІІ
ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ахмет Иүгінеки
де осы дәстүрді ұстанып, “Ақиқат сыйы” атты
кітабының “салуәлә” бөлімінде хазірет Мұхаммедке
деген сүйіспеншілігін былай жеткізеді:
Ақыл-ойыңа салып, сөзімді аңда.
Ол (Мұхаммед) – тумысынан игі, адамдардың
бақыттысы.
(Бүкіл) жаратылғандардың ішінде оған тең келетін
(ешкім) жоқ.
(Өзге) пайғамбарлар жарқын жүз (сияқты болса),
Бұл – ол жүзге (жарасып тұрған) көз.
Яки олар – қызыл (шырайлы) бет, ал ол бетке (көрік
беретін) мең.
Оны мадақтағанда тілімнің дәмі кіреді.