Previous Page  90 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 200 Next Page
Page Background

90

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Оны еске алғанда шекер мен бал (жегендей

болады).

Бүгін менен сәлем жетсін, ол ертең

Қол ұшын берушіме қам жегізсін.

Қазақ даласында Исламның таралуына сүбелі

үлес қосқан, сопылық әдебиеттің көш бастау-

шысы Ахмет Иассауи де «Диуани хикмет» атты

шығармасында Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) деген

сүйіспеншілігін паш еткен. Тіпті «Диуани хикмет»

бейнебір мадақ жыры іспетті. Әрбір парағында

Мұхаммедке деген терең махаббатты көруге болады.

Оның сүннетімен жүріп, үмбеті болуды мақтан тұтқан

Ахмет Иассауи шығармасында жанындай сүйген

пайғамбарды “Аллаһтың нұры”, “Аллаһтың досты”,

“пайғамбарлардың соңғысы”, “елшілердің мырзасы”,

“әлемдердің рақымы”, “әлемдердің мақтанышы”,

“қаб-қаусайн бақшасындағы ай”, “адасқандардың

жол көрсетушісі”, “Аллаһтың сүйікті құлы”,

“жаратылғандардың өзегі”, “адамзаттың асылы”

сияқты жоғары сыпаттармен сипаттау арқылы халыққа

таныстырады.

“Аллаһ нұры, Аллаһ досты о Мұстафа,

Кімдер үшін келді Расул білдіңіз бе?…” дей отырып

одан кейінгі өлең жолдарында пайғамбардың үмбеті

үшін көз жасын төгіп, өз өмірін солардың игілігі үшін

атағанын білдіре келе Оған үмбет болудың мәнісін

терең түсінуге шақырады. Өмірінің соңына дейін

“Үмбетім, үмбетім” деп өткен хақ пайғамбардың жо-

лымен жүріп, үлгі алуды насихаттайды.

Аллаһ тағала Құранның бірнеше аятында

Мұхаммед пайғамбарды мұсылмандарға үлгі етіп, оны