92
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Кірелік сүннет жолына,”– деу арқылы “алтын
ғасырдың” (Пайғамбар мен сахабалар ғасыры)
қайталанбас шуақты кезең болғанын тамсана жырлап,
сахабалар сияқты алтын ғасыр қаһармандары болу
үшін ақ пен қараның ара жігін ашып көрсеткен сүннет
жолын ұстануға шақырып, қалың жұртқа насихат етіп
жырлайды. Осындай мадақтар халқымыздың Аллаһ
Елшісіне (с.а.с.) деген ыстық лебізінен туындағаны
даусыз.
«Аллаһ мінсіз, әуелден пайғамбар хақ, Мүмин
болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ», – деп дарқан даланың
дана ойшылы Абай атамыз айтқандай, халқымыз
өмірінің әрбір сәтінде оған еліктеуге тырысқан. Тіпті,
бастарына қиын-қыстау күндер туғанда әрдайым
Пайғамбарымызды (с.а.с.) өздеріне үлгі тұтып, бір-
біріне басу айтқан. Мысалы, біреу қаза болғанда көңіл
айтушылар:
Ойлап тұрсам жалғаннан,
Бұрынғылар не көрген!?
Мұхаммед өткен Мұстафа
Кім болмаған биқапа
88
,
−
деп хазірет Мұхаммедті
(с.а.с.) өлең-жырларына қосқан. Осылайша үйінде
біреуі қайтыс болғандарға Аллаһтың ең сүйікті
құлының да бұл дүниені тәрк етіп, о дүниеге
аттанғанын, Аллаһтың қойған заңына мойынсұну
керектігін ескертіп көңіл айтқан.
Кімдер өлмей тұрады
Бұл дүниенің жүзінде,
Мұхаммед те көніпті
88
Шортанбай: Толғаулар, айтыстар, дастан, 43-б., (құр: Қ.
Мәдібаева, К. Жүністегі), А., 1993.