80
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Әзірет Әбу Бәкір Пайғамбарымызды мүшріктердің
соққысынан қорғамақ болып, араша түскенде, өзі де
таяққа жығылып, ес-түсінен айырылып қалды. Анасы
ол ес жиғанша тапжылмай қасында отырды. Әбу
Бәкір есін жияр-жимас, өзінің халі мүшкіл боп жатса
да, сүйікті пайғамбарды іздеп: «Пайғамбарымыздың
жағдайы қалай, оған не болды?» – деп сұраумен болды.
Анасының бір қасық болса да тамақ ішіп, әлденіп
алуын өтінгеніне қарамастан, ол: «Расулалаһтан хабар
келмейінше, еш нәрсе татып алмаймын», – деп жаны
тағат таппайды. Ол Пайғамбарымызға деген шынайы
адалдығымен, сүйіспеншілігімен, сенімділігімен
танылған еді. Пайғамбарды өз жанынан да айрықша
жақсы көріп, ол үшін жанын беруге әрдайым дайын
тұратын.
Пайғамбарымыз да өзін қиын-қыстау кезінде үнемі
қасынан табылып, өмірдің бүкіл қиыншылықтарын
мойындарына өз ризашылықтарымен қуана-қуана
көтерген сахабаларын қатты жақсы көретін, өйткені
Пайғамбарымыздан кейін бұл міндетті жалғастыратын
солар болатын. Пайғамбарымыздың бұл сүйспеншілігін
Аллаһ бізге былай жеткізеді:
﴿لَقَدْ جَاءكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتّمْ حَرِيصٌ
عَلَيْكُم بِالْمُؤْمِنِينَ رَؤُوفٌ رّحِيمٌ﴾
«Расында, сендерге араларыңнан ардақты бір
пайғамбар келді. Қиналуларың оған ауыр тиеді. Сен-
дерге өте ынтық. Мүминдерге тым жұмсақ, ерекше
мейірімді»
80
.
80
«Тәубе» сүресі, 128